Террор ұйымының аты жойылады

Министрлер оқиғаға байланысты мәлімдеме жасады.

674981
Террор ұйымының аты жойылады

Ішкі істер министрі Сүлейман Сойлу бөлшектеуші террор ұйымы PKKның атының елде жойылатынын айтты. 

Сойлу Шанлыурфада бір бала қаза тапқан опасыз шабуылдан кейін мәлімдеме жасады. 

Измирде жүрген министр: "Бұл ел - еркін және демократиялық ел. Бұл ел әлемнің ең дамыған, дәулетті елдерінің бірі болады" деді. 

Әділет министрі Бекир Боздағ әділет органдары қызметкерлеріне қарсы шабуылды қатаң түрде айыптайтынын білдірді. 

Боздағ: "Бұл шабуыл тек әділет органдары қызметкерлеріне ғана емес, құқық, әділет, ұлт және мемлекетімізге қарсы жасалды" деді. 

Министр ешбір террор ұйымы немесе шабуылдың Түркияның террорзиммен күресін тоқтата алмайтынын білдірді. 

Осы арада президент Ердоған Шанлыурфа әкіміне телефон шалып,  мәлімет алды. 



Ұқсас жаңалықтар