Евфрат қалқаны операциясында 13 террорист өлтірілді

Түрік қарулы күштері операция аясында ДАИШ террор ұйымының 107 нысанасын жойды.

657857
Евфрат қалқаны операциясында 13 террорист өлтірілді

Сирияның солтүстігін террор ұйымдарынан тазалау үшін 24 тамыз күні Түркия басшылығында басталған Евфрат қалқаны операциясының 154-ші күнінде құрлықтан жасалған ұзақ атымды зеңбірек шабуылында ДАИШ террор ұйымының 107 нысанасы жойылды. Операцияда 13 террорист өлтірілді.

Террористтер қолданған баспаналар, қорғаныс бекіністері, бақылау орталығы мен қару және көліктері жойылды.

Әуе күштерінің соғыс ұшақтары тарапынан Әл-Баб аймағында анықталған ДАИШ-тің 9 баспанасы жойылды.

Басқа жағынан коалиция әуе күштері Бзагах және Кабр ал-Мурки аймақтарында анықталған ДАИШ-тік террористтерге 5 әуе операциясы жасалды. Операция барысында 1 қарулы көлік, 1 ғимарат және 2 зымыран қағар жойылды.



Ұқсас жаңалықтар