Жаңа радио қызметін бастады

Түркияның жаңа жаңалықтар радиосы қызметін бастады.

652422
Жаңа радио қызметін бастады

Түркияның жаңа жаңалықтар радиосы қызметін бастады.

«TRT Haber Radyo» деп аталатын радионың тікелей эфирдегі алғашқы қонағы TRT бас директоры Шенол Гөка болды.

«TRT Haber» радиосының мақсатын «хабар таратудың өзгеше көзқарасы» деп атаған Гөка «Радионың мақсаты – өзгешелеу. Қоғам назарынан тыс қалған жаңалықтарды жеткізе білу, қиялдау күшін аяғына дейін қолдану үшін осындай жоба жүзеге асырдық» деді.

«TRT Haber» радиосы шұғыл жаңалықтар және актуалды оқиғалармен бірге мәдениет және өнер саласындағы жаңалықтарды да жариялап отырады. Жаңа радио алдымен 28 қала орталығында,  артынан 60-қа жуық қала мен ауданда хабар таратады.

«TRT Haber» радиосы Анкарада 95.0, Стамбулда 88.8, Измирде 94.1 жиіліктерінен хабар таратады.



Ұқсас жаңалықтар