Қорғаныс министрі Өкілетті елшілер конференциясына үн қатты

"Түркия қорғаныс шығындарын арттыруға міндетті".

649842
Қорғаныс министрі Өкілетті елшілер конференциясына үн қатты

Ұлттық қорғаныс министрі Фикри Ышык бөлшектеуші террор ұйымы ПКК-ның тармағы PYD/YPG террор ұйымы екенін және террор ұйымымен ынтымақтасудың заңды еместігін білдірді.

Фикри Ышык 9-шы Өкілетті елшілер конференциясында кейбір НАТО мүшесі елдердің Түркия үшін аса қауіпті террор ұйымдарына рұқсат еткен ұстаным ортаға қойғанын атап көрсетті.

Мұны сынға алуды және олардың бұл ұстанымнан бастартуы үшін әртүрлі талпынысты көрсетуді жалғастыратындарын білдірген министр Ышык «АҚШ-та 20 қаңтар күні міндетін қабылдап алатын құрметті Дональд Трамп пен әкімшілігінен бастап, Түркияның шақыруына ес бұрып, бұл қателіктен уақыт өтпей тұрғанда бастартуын үміт етеміз» деді.

Фикри Ышык мұндай бір коньюнктурада НАТО-ның Түркияның қорғанысына мән беруі және қорғаныс өнеркәсібін күшейтудің қажеттілігін атап, «Түркия қорғаныс шығындарын арттыруға міндетті. Қазір әлемде осыншама көп қауіппен бірдей күресетін ең маңызды ел бәлкім Түркия» деді.



Ұқсас жаңалықтар