Түркия - АҚШ ынтымақтастығында жаңа кезең басталады

Дональд Трамп: Түркиямен жақсы ынтымақтастық орнатқымыз келеді.

649490
Түркия - АҚШ ынтымақтастығында жаңа кезең басталады

АҚШ-та 20 қаңтар Барак Обамадан президенттік міндетті қабылдап алатын Дональд Трамп Түркиямен ынтымақтастықтың қалпына келетінін мәлімдеді.

Трамп «Түркиямен жақсы ынтымақтастық орнатқымыз келеді» деді.

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу болса Вашингтон Пост газеті үшін жазған мақаласында Түркия мен түрік ұлтының АҚШ-тан күткен нәрселері бар екенін атап көрсетті.

Мақаласында АҚШ әкімшілігінің қазірге дейін жүргізген саясаттардың Түркияны өкіндіргенін атап айтқан Чавушоғлу жаңа кезеңде алдымен одақтас екі ел арасында ынтымақтастық және екі жақты сенімнің қайтадан қамтамасыз етілу керектігін жазды.

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Сириядағы оқиғалар алдында АҚШ-тың мәселені шешуден гөрі аймақта бөлшектеуші террор ұйымы ПКК-ның егізі ПЙД террор ұйымымен жұмыстануды таңдағанына назар аударды.

Чавушоғлу Фетлуллахшы террор ұйымы мемлекеттік параллель құрылымының (FETÖ/PDY) 15 шілде күнгі төңкеріс әрекетімен түрік ұлты мен демократиясын нысанаға алған террор ұйымы мүшелерінің одақтас бір елде өмір сүруінің қабылданбайтынын атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар