Түнгі клуб шабуылында жаңа қауесеттер ортаға шықты

Шабуылда террористке көмектескендер жайлы қауесеттер зерттелуде.

645869
Түнгі клуб шабуылында жаңа қауесеттер ортаға шықты

Жаңа жыл түні Стамбұлдағы бір түнгі клубқа жасалған және 39 адам қаза тапқан шабуылдың егжей-тегжейі ортаға шыға бастады.

Шабуылда террористке көмектескендер жайлы қауесеттер зерттелуде.

Қауесеттерге қарағанда Зейтинбурнунан таксиге мінген террористтің сөмкесі бос болатын.

Террорист оқиға орнына жақын Куручешмеде өзіне көмектескен адамдармен кездесіп, қару және материалдарды алды. Кейін қырғын жасаған түнгі клубқа барды.

Полиция шабуылды бірден көп адамның жасау ықтималын зерттейді.

Шабуылдаушының Зейтинбурнунда қонған үйде табылған және 28 желтоқсан күні Таксимде түсірген бейне көріністерімен байланысты кейбір болжамдар бар.

Қауесеттерге қарағанда террористтер айналасындағы жерлерді тікелей эфирден ұйымның орталығына көрсетті. Көріністі көргендер болса шабуылдаушының ізіне біреулердің түсіп, түспегенін сараптады.

Террористтің оқиғаның артынан жедел құтқару көліктерімен эвакуацияланғандардың арасына кіріп кеткенін және сол кезде клубқа кірген полицияларға кепілдікке алынғандар бар екенін айтқаны да қауесеттер арасында.

Шабуылдаушы түнгі клубтың маңындағы бір автопарктағы қауіпсіздік камераларына түсті.

Шабуылдан жарты сағат өткен соң жазылған көріністе террорист айналасын тінтіп жүреді. Көріністерде террористтің автопарктағы қызметкермен әңгімелескені де байқалады.



Ұқсас жаңалықтар