Ибрахим Калын премьер-министрдің Ирак сапары жайлы мәлімдеді

Калын Синджардың бөлшектеуші террор ұйымының екінші лагері болуына рұқсат етпейтіндерін атап көрсетті.

645497
Ибрахим Калын премьер-министрдің Ирак сапары жайлы мәлімдеді

Президенттік аппараттың баспасөз мәлімдемешісі Ибрахим Калын Ирактың Синджар ауданының екінші бір Кандил (бөлшектеуші террор ұйымы ПКК-ның лагері) болуына ешқандай рұқсат бермейтіндерін білдірді.

Ибрахим Калын бір телеарнаға берген сұхбатында бөлшектеуші террор ұйымы ПКК-ның Синджарда әсіресе ДАИШ-пен күрес аясында Йезидтерді де сылтауратып, өзіне орын дайындай бастағанын атап, «Осыған Ирак мекемелерінің рұқсат бермеу керектігін түсіндірдік. Синджардың екінші Кандилге айналуна ешқандай рұқсат етпейміз» деді.

Калын премьер-министр Бинали Йылдырымның Ирак сапарымен байланысты сұрағына сапардың сенбі және жексенбі күндері Бағдат пен Эрбильді қамтитындай жоспарланғанын атап айтты.

Иракта соңғы 10 жылдан бері жалғасқан хаосқа назар аударған Калын Кандил мен басқада аймақтардағы террор ұйымдарына қарсы ықпалды түрде күрес жүргізіле алмағанын атап көрсетті.

Башика лагерінің Иракпен дағдарысқа жол ашқанын еске салған Ибрахим Калын «Біздің сол жерге Башика лагерін құру мақсатымыз, кезеңді болса кімдермен келісіп құрылғаны да белгілі болатын. Бұл тақырыпты да қамтитын түрде екі жақты ынтымақтастықтар, террормен күрес, бөлшектеуші террор ұйымы, Ирактың тұрақтылығы, Мосул операциясының артынан жалпы тұрғыдан ДАИШ-тен кейін Мосулды, Талль-Афардың, Синджардың және басқа жерлердің жаңадан құрылысы тұрғысынан тақырыпты талқылау үшін құрметті премьер-министріміз сапарлай барады» деді.

Түркияның күткені «Бағдат немесе Эрбиль мекемелерінің одан нақты, нәтижеге қол жеткізетін шаралар қабылдануы» екенін атап көрсеткен Калын «Өйткені террор ұйымының сол жердегі тұғырын барша біледі. Қазірге дейін Ирак жерінен біздің елімізге осылай қауіптер мен шабуылдар болғанына қарамастан Түркия жерінен Иракқа бағытталған не қауіп, не болмаса шабуыл жасалмаған. Біздің осыған рұқсат етуіміз мүмкін емес» деді.



Ұқсас жаңалықтар