Чавушоғлұ Инжирлик базасы жөнінде мәлімдеме жасады

Мәвлүт Чавушоғлұ «Соңғы кездерде коалиция күштерінің әуе қолдауын көре алмадық» деді.

645488
Чавушоғлұ Инжирлик базасы жөнінде мәлімдеме жасады

Сыртқы істер министрі Мәвлүт Чавушоғлұ Инжирлик әскери базасының жабуының күн тәртіпте болмағанын, алайда террор ұйымы ДАИШ-ке қарсы күресуде Түркияға қолдау көрсетпеген елдердің осы базада қалу мағынасын білдірмейтінін айтты.

Чавушоғлұ Нью-Йоркта Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшысы Антониу Гутеррешпен кездескеннен кейін күн тәртіпке байланысты мәлімдеме жасады.

Сирияның Эл-Баб аймағындағы операцияларда Түркияға қолдау көрсетпеген елдерге наразылық білдірген Чавушоғлұ адамдық трагедия мәселесін шешу үшін тіпті ықпалды жұмыс істеу керектігін айтты.

Чавушоғлұ «Біз ДАИШ-ке қарсы күрес жүргізудеміз. Бірақ соңғы кездерде коалиция күштерінің әуе қолдауын көре алмадық» деді.

Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшысы Антониу Гутеррешпен кездесуін түсіндірген Чавушоғлұ Қазақстанның елордасы Астанада осы айда өткізілуі жоспарланған Сирия тақырыбындағы жиналыстың өте маңызды екенін атап өтті.

Мәвлүт Чавушоғлұ жәрдемдердің Сирияға  қатай жеткізілуі жөнінде Гутеррешпен кездескенін баяндады.

Чавушоғлұ мен Гутерреш Кипр келіссөздерімен байланысты қол жеткізілген түйінді де қолға алды. 



Ұқсас жаңалықтар