Президент әлеуметтік медиадан үн қатты

Президент Режеп Тайып Ердоған Түркияның ұлт азаттық соғыс жүргізгенін түсіндірді.

644507
Президент әлеуметтік медиадан үн қатты

Президент Режеп Тайып Ердоған бүгін Түркияның жаңа бір ұлт азаттық соғыс жүргізгенін атап, «Бұл күресте жеңілетін болсақ, жүз жыл бұрын сәтсіз болған Севр келісімі тұзағын қайтадан алдымызға әкеледі» деді.

Әлеуметтік медиа арқылы азаматтарға үн қатқан президент Ердоған террор шабуылдарының елді бір-бірімен қақтығыстыруды нысанаға алғанына назар аударды.

Ердоған «Қазір Түркия жаңа бір ұлтазаттық соғыс жүргізуде. Бұл күресте жеңіске жететін болсақ, 2023 нысанамызға да қол жеткізе аламыз, 2053 және 2071 жобаларымызды да нақтылай түсеміз. Жеңілетін болсақ, Бұл күресте жеңілетін болсақ, жүз жыл бұрын сәтсіз болған Севр келісімі тұзағын қайтадан алдымызға әкеледі. Елімізге бағытталған террор шабуылдарының негізгі мақсаты - ел тұтастығын бұзу. Сезімдерімізге ақылымызды құрбан етіп, бір-бірімізбен қақтығыстыру. Барлық азаматтарымыздың, жауапкершілік иесі баршаның бұл санамен қозғалуы, сөйлемдерін, ұстанымдарын, айтқан сөзін осыған қарап ортаға қоюы керек. Бұл жер тік тұруымыздың сыры, айырмашылықтарымызға қарамастан ортақ бір отан және ұлт түсінігін орнатуымыз керек. Алланың жәрдемі және ұлтымыздың қолдауымен елімізге бағытталған шабуылдармен күресте күш-қайратымыз жетеді» деді.



Ұқсас жаңалықтар