Төтенше жағдай созылды

Түркия мәжілісі төтенше жағдайдың тағы 3 айға созылуына шешім берді.

643679
Төтенше жағдай созылды

Түркия мәжілісі төтенше жағдайдың тағы 3 айға созылуына шешім берді.

Төтенше жағдайдың 19 қаңтар бейсенбі күнінен бастап тағы үш айға созылуына байланысты құжат мәжілісте қабылданды.

Фетуллахшы террор ұйымының 15 шілде күнгі төңкеріс әрекетіне байланысты 20 шілде күні қабылданған қарармен іске қосылған төтенше жағдай режимі алдымен 19 қазанда созылған болатын.

Вице-премьер Нуман Куртулмуш мәжілісте сөйлеген сөзінде «Фетуллахшы террор ұйымының мемлекеттік құрылымдардан толығымен тазалануын қамдағанға дейін ТЖ жалғасады. Мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігі тұрғысынан қажетті» деді.



Ұқсас жаңалықтар