Әлем лидерлері Ердоғанға көңіл айтты

Әлем лидерлері Түркияның қасында екенін білдірді.

642765
Әлем лидерлері Ердоғанға көңіл айтты

Әлем лидерлері жаңа жылда Стамбұл Ортакөйде бір түнгі клубқа ұйымдастырылған және 39 адамның қаза табуына себеп болған қарулы террор шабуылына байланысты Президент Режеп Тайып Ердоғанға телефон шалып көңіл айтты.

Президент Режеп Тайып Ердоған кеше кеште Иордания королы Абдуллах, Палестина мемлекет басшысы Махмұд Аббас және Грекия президенті Прокопис Павлопулоспен телефон арқылы сөйлесті.

Үш лидер жазықсыз адамдардың қаза табуына қатты қайғырғанын атап, түрік халқы мен қаза тапқандардың туысқандарына көңіл айтты.

Опасыз шабуылды айыптаған үш лидер президент Ердоғанға Түркияның қасында екенін білдірді. 



Ұқсас жаңалықтар