Косово президенті Анкарада

Хашим Тачи Косово президенті сыпатымен Түркияға бірінші рет келді.

639946
Косово президенті Анкарада

Косово президенті Хашим Тачи президент Режеп Тайып Ердоғанның шақыруымен кеше Түркияға келді.

Хашим Тачи Косово президенті сыпатымен Түркияға бірінші рет келді.

Қонақ президентті Анкара әуежайында Отбасы және әлеуметтік саясаттар министрі Фатма Бетүл Саян Кая қарсы алды.

Хашим Тачи үшін бүгін Президенттік сарайда ресми қарсы алу рәсімі ұйымдастырылады.

Президент Ердоған мен Тачи алдымен оңаша кездеседі,  артынан делегация аралық кездесулерге басшылық жасайды.

Екі басшы артынан баспасөз өкілдерінің алдына шығады.

Сапар Түркия мен Косово қарым-қатынастарының толығымен қолға алынуына, аймақтық және халықаралық мәселелерге байланысты ынтымақтастықтың жетілдіріле түсуіне мүмкіндік береді.



Ұқсас жаңалықтар