Анкара мен Мәскеу келісті

Түркия мен Ресей Сириядағы соғысып жатқан тараптарға ел көлемінде бітім үшін ұсынылатын жоспарға келісті.

639391
Анкара мен Мәскеу келісті

Түркия мен Ресей Сириядағы соғысып жатқан тараптарға ел көлемінде бітім үшін ұсынылатын жоспарға келісті.

Анадолы агенттігінің хабарына қарағанда Анкара мен Мәскеу әкімшіліктері Сирияның Алеппо қаласының шығысында жарияланған бітім және жергілікті тұрғындардың эвакуациясынан кейін бітімнің ел көлеміне тарауы үшін ұсынылатын келісімге келісті.

Осы жоспар Башар Асад  әкімшілігі және әкімшілікті қолдайтын шетелдік террористік топтар оппозициямен соғысып жатқан барлық аймақтарда жүргізіледі деп шешілді.

Анкара мен Мәскеу келісімнің бүгін түнде басталуы үшін жұмыстанады.

Алайда террор ұйымдары атысты тоқтату келісімінің аясынан тыс қалады.

Егер келісім сәтті болатын болса әкімшілік пен оппозиция Түркия мен Ресейдің басшылығында келесі ай Қазақстанның бас қаласы Астанада саяси келіссөзді бастайды.



Ұқсас жаңалықтар