Стамбулда қауіпсіздік жиналысы өтті

Президент Ердоғанның басшылығында қауіпсіздік жиналысы өткізілді.

628268
Стамбулда қауіпсіздік жиналысы өтті

Стамбулдағы опасыз шабуылдан кейін Президент Режеп Тайып Ердоғанның басшылығында қауіпсіздік жиналысы өткізілді.

Президент Ердоған жаназа рәсімдері мен аурухананы зиярат еткеннен кейін Йылдыз Мабейн Сарайына барды. Премьер-министр Бинали Йылдырым мен Стамбулда болған үкімет лауазымдарын осы жерге жинады.

Президент Режеп Тайып Ердоғанның басшылығындағы қауіпсіздік жиналысы мөлшермен екі сағат жалғасты.

Жиналысқа премьер-министр Бинали Йылдырым, премьер-министр орынбасары Нуман Куртулмуш пен Тугрул Түркеш, Әділет министрі Бекир Боздағ, Отбасы және әлеуметтік саясат министрі Фатма Бетул Саян Кая, Сыртқы іс тер министрі Мәвлүт Чавушоғлұ, Энергия және табиғи байлықтары министрі Берат Албайрак, Ішкі істер министрі Сүлейман Сойлы және басқа жоғарғы лауазымдар қатысты.

 



Ұқсас жаңалықтар