Ердоған террорды қатал түрде айыптады

Ердоған «Біз қорқып,  майданды осы опасыздарға тастамаймыз» деді.

628303
Ердоған террорды қатал түрде айыптады

Стамбұлда полицияны нысанаға алған екі бөлек террор шабуылында 38 адам шәйіт болды. Опасыз шабуылда 155 адам жарақат алды. Осысыз шабуылдан кейін мемлекет басшылары террорды қатал түрде айыптады.

Лауазымдар қанды қол қан ішерлерге «Біз қорықпаймыз» деген жолдама жариялады.

Президент Режеп Тайып Ерджоған «Біз  қорықпаймыз. Бізді ешкім қорқыта алмайды. Біз алаңды опасыздарға тастамаймыз» деді.

Халыққа үндеу тастаған Ердоған террор пәлекетімен күресуді табынды түрде жалғастыратынын білдірді.

Президент Ердоған «Стамбұлда кешкі уақытта бір футбол матчының артынан полицияны нысанаға алған шабуылдардың бірі бомба тиелген көлікпен, екіншісі болса бір жанкешті тарапынан жасалды.Қайғымыз өте үлкен. Шәйіттердің жатқан жері жаннат, топырағы торқа болсын. Жарақат алғандар тезірек сауығып кетсін. Ұлтымыз аман болсын» деді.

Ердоған аянышты хабарды естіген соң Қазақстан сапарын кешіктірді. Стамбул қауіпсіздік басқармасында ұйымдастырылған рәсімге қатысты.

Президент ауруханада емделіп жатқан ауруларды да зиярат етіп, олардың көңілін сұрады.

 Алдымен Безмиалем ауруханасында дәрігерлерден мағлұмат алды. Одан кейін Хасаки білім беруі және зерттеу ауруханасына барды.

Ауруханадан шыққанда Ердоған мәлімдеме жасады. Президент мәлімдемесінде террорды қатал түрде айыптады.

Ердоған «Біз қорқып,  майданды осы опасыздарға тастамаймыз. Біз бұл жолға кебінімізді киіп шықтық. Осы лаңкестіктерге қарап қалмаймыз. Олар мұның құнын төлейді» деді.



Ұқсас жаңалықтар