Президент Ердоған опасыз шабуыл жайлы мәлімдеме жасады

Президент Ердоған жасаған жазбаша мәлімдемеде шабуылды жасағандардың ізіне түсетіндерін білдірді.

627829
Президент Ердоған опасыз шабуыл жайлы мәлімдеме жасады

Президент Режеп Тайып Ердоған Стамбұлда кеше түнде жасалған опасыз шабуылмен байланысты жазбаша мәлімдеме жасады.

Ердоған террордың жауыздығын қайтадан көрсеткенін атап, терактіні жасағандардың ПКК, ДАИШ немесе ФЕТӨ екеніне қарамастан  іздеріне түсетіндерін білдірді.

Бүкіл террор ұйымдарының бірдей мақсатпен шабуылдағанын жариялаған Ердоған Түркия қашан жақсы қадамдар басса, террор ұйымдары арқылы қан және жауыздықпен жауап қайтарылғанын атап, «террормен күрес тақырыбында түрік ұлтына қолдау берудің орнына террор және террористті қолдаған елдердің осы жолы ұстанымын өзгертуін күтбейміз. Түркияның бұл опасыз шабуылдардың артынан тағы жараларын өзі емдейтіні, азасын шынайы  достарымен тұтатынын білеміз» деді.

 



Ұқсас жаңалықтар