Ердоған мен Шариф ортақ баспасөз жиналысы өткізді

Президент Ердоған Фетуллахшы террор ұйымының Пәкістандағы жұмыстарының тоқтатылғанын мәлімдеді.

612693
Ердоған мен Шариф ортақ баспасөз жиналысы өткізді

Президент Режеп Тайып Ердоған Фетуллахшы террор ұйымының енді жұмыстарын Пәкістанда да жалғастыра алмайтынын білдірді.

Пәкістанға ресми сапармен барған президент Ердоғанды премьер-министр Наваз Шариф премьер-министрлік ғимаратында рәсіммен қарсы алды. Қарсы алу рәсімінің артынан оңаша және делегация аралық кездесулер болып өтті.

Президент ұйымдастырылған баспасөз жиналысында Пәкістанның 15 шілде күні Фетуллахшы террор ұйымы жасаған төңкеріс әрекетінің артынан Түркияның досы екенін көрсеткеніне назар аударып, «Байқауымша бұл ұйым енді Пәкістанда да жұмыстарын жалғастыра алмайтын болады. Пәкістан үкіметімен алғысымды айтамын. Бұл ұстанымның барлық дос және бауырлас елдерге үлгі болуын тілеймін» деді.

Түркияда ФЕТӨ-нің қалдықтарымен күрескендерін түсіндірген Ердоған бүгін жарияланған кейбір газеттердегі «күнәсіз» деген тақырыптардың қабылданбайтынын атап, «Өйткені олар бұл кезеңді бізбен бірге өтпеді. Пәкістан әкімшілігінің ынтымақтастығына алғысымызды білдіреміз. Бұл қылмыстық ұйым мүшелерін сот алдына шығару тақырыбында қажетті шараларды іске қосамыз» деді.

Пәкістанмен ынтымақтастықты өз билігі кезінде 14 жылда жетілдіргендерін атап көрсеткен Ердоған екі ел арасында саяси, әскери, экономикалық, сауда, денсаулық сақтау, энергия, мәдени және көптеген саласында жұмыстарды жалғастырғанын атап айтты.

 Президент 2017 жылға дейін Еркін сауда келісімінің аяқталатынын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар