Челик Йоханнес Ханмен телефон арқылы сөйлесті

Түркия Одағынан террормен күресуде нақтылы ынтымақтастық күтуде

606943
Челик Йоханнес Ханмен телефон арқылы сөйлесті

Еуропа Одағы министрі және бас келіссөз жүргізуші Өмер Челик Түркияның Еуропа Одағынан террормен күресуде нақтылы ынтымақтастық  жасауды күткенін айтты.

Өмер Челик Еуропа Одағы комиссиясының кеңеюіне жауапты басшысы Йоханнес Ханмен телефон арқылы сөйлесті.

Челик телефон әңгімесінде Еуропа Одағының соңғы жасаған мәлімдемелерінен кейін Түркияның сезімтал болғанын Ханмен бөлісті.

Түркияның баста ПКК және Фетуллахшы террор ұйымы параллель мемлекет жүйесі болып, барлық террор ұйымдарымен күрестерінің табанды түрде жалғастыратынын түсіндірген Челик террор ұйымына қолдау жасағандармен де күрес жүргізетінін, террор ұйымдарының жай халық, саяси және соттағы қолдаушыларына да кешірім жасаудың мүмкін емес екенін білдірді.

Министр Челик Еуропа Одағының мәлімдемелерінде Түркияның террормен күресуіне жалғыз ғана сөйлем айтуының жеткілікті емес екенін, Еуропа Одағынан террормен күресу тақырыбында нақтылы ынтымақтастық күткендерін айтты. 



Ұқсас жаңалықтар