Босқындар ұсталды

Грекияға заңсыз жолдармен кетуге тырысқан 181 босқын ұсталды.

603495
Босқындар ұсталды

Чанаккале қаласының Бозджаада ауданында Грекияға заңсыз жолдармен кетуге тырысқан 181 босқын ұсталды.

Бір ақпар алған Жағалау қауіпсіздік қолбасшылығының топтары ауданның шығысында операция жүргізді.

Операцияда 17 метрлік яхтамен қашуға тырысқан босқындар ұсталды. Босқындардың арасында әйелдер мен балалар да бар.  Олардың қашуын ұйымдастырған 2 түрік азаматы да ұсталды.

Түсініктемелері алынған босқындар жандармерия қолбасшылығына тапсырылды.



Ұқсас жаңалықтар