Еуроодақ министрі Өмер Челик Грекия сапарын бағалады

Челик бір Еуроодақ қаласында шіркеу мен синагога сияқты бір мешіт болу керектігін атап айтты.

602936
Еуроодақ министрі Өмер Челик Грекия сапарын бағалады

Еуроодақ министрі және бас келіссөзші Өмер Челик Еуроодақ мүшесі елдің бас қаласында шіркеу мен синагога сияқты бір мешіттің де болу керектігін атап айтты.

Грекияның астанасы Афиныға ресми сапармен барған Челик баспасөз жиналысы өткізді.

Афиныда қазірге дейін мешіт құрылысының жалғасқанын, бірақ осы жерге кеше нәсілшіл бір шабуыл жасалғанын еске салған Өмер Челик «Бір Еуроодақ қаласында шіркеу мен синагога сияқты бір мешіттің де болуы керек. Афиныда бір мешіт салынуда. Бірақ кеше мешіт салынған алаңды басып алды. Мешітті нәсілшілдердің ынсабына тастамау керек. Афиныда мешіт ашу гректерге төнген бір қауіп емес» деді.

Еуроодақ министрі Өмер Челик Грекияда екі тілде оқытатын мектеп пен түрік аттарын құрметтеу керек екенін білдірді.

Босқындар тақырыбымен байланысты Түркия мен Грекияның барлық жүкті көтергенін атап көрсеткен Челик баршаны қаржы және гуманитарлық жауапкершіліктерін мойындауға шақырды.

Челик «Түркия бұл кезеңді айыпсыз жалғастыруда. Жаһандық ұждан гуманитарлық сынақтан өте алмады» деді.

Кипрда жалғасқан келіссөздерге де тоқталған Өмер Челик «Жаңа бір талпыныс бар, біз бұған қолдау береміз» деді.



Ұқсас жаңалықтар