Бас Штаб төрағасы Акар шекара жасақтарын тексерді

Бас Штаб Басқармасы төрағасы генерал Хулуси Акар осында әскерлерге үн қатты.

588601
Бас Штаб төрағасы Акар шекара жасақтарын тексерді

Бас Штаб Басқармасы төрағасы Хулуси Акар отанға қарсы әртүрлі қауіп пен рискті жоятындарын атап көрсетті.

Шырнак пен Хаккари аймағындағы әскери корпустарды тексеру бағдарламасы аясында Ван 6-шы Шекара полкіне барып, әскерлермен түскі аста бас қосқан Бас Штаб Басқармасы төрағасы генерал Хулуси Акар осында әскерлерге үн қатты.

Акар «800 мың шаршы шақырымдық отан топырағында 80 миллион азаматымызбен бірлік пен тыныштық сақтап өмір сүргіміз келеді. Осы үшін әртүрлі қауіпті, әртүрлі рискті жоямыз. Бұл аяда ПКК террор ұйымымен күресіміз тығыз жалғасуда» деді.

Елдің бірлігі, тұтастығы және қауіпсіздігі үшін жүргізілген күрестің жалғасатынын атап айтқан генерал Акар «Соңына шейін күресеміз. Қашанға дейін? Ең соңғы террорист жойылғанша шекараларымызды қорғаймыз. Шекараларымыз біздің намысымыз, абыройымыз» деді.

«Жолға аттанған кезде не айтып едік? Өлгенде шәйіт, қалғанда ардагер боламыз. Не үшін? Отан үшін!» деген генерал Акар әскерлерге сенгенін атап, міндеттерін орындағанда қайғы мен бәледен аулақ болуларын тіледі.



Ұқсас жаңалықтар