Израиль Энергия министрі келеді

Израиль Энергия министрі Юваль Штайниц 13 қазан күні Түркияға келеді.

586551
Израиль Энергия министрі келеді

Израиль Энергия министрі Юваль Штайниц 13 қазан күні Түркияға келеді.

Штайниц Стамбулдағы Бүкіләлемдік Энергия саммиті аясында Түркия Энергия және табиғи ресурстар министрі Берат Албайракпен бас қосады.

Кездесу 2010 жылғы «Көгілдір Мәрмәр» дағдарысынан бері екі ел арасында министрлер деңгейіндегі алғашқы кездесу болады.

Газаға гуманитарлық көмек жеткізу үшін жолға шыққан «Көгілдір Мәрмәр» кемесіне 2010 жылы Израиль армиясы шабуылдап, түріктің 9 азаматы қаза тапқан еді.

Израиль армиясы басып алған кеме Ашдод портына апарылды.

2013 жылы болса Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху сол кездегі премьер-министр Ердоған телефон арқылы сөйлесіп,  кешірім сұрап,  қаза тапқандар үшін құн ақы төлеуді қабылдаған еді.

20 миллион долларлық құн ақы болса өткен апта Түркияның Әділет министрлігі есебіне салынды.



Ұқсас жаңалықтар