Жаңа елшілер тағайындалды

Түркияның өкілетті елшілік тағайындаулары Ресми газетте жарияланды.

582499
Жаңа елшілер тағайындалды

Түркияның өкілетті елшілік тағайындаулары Ресми газетте жарияланды.

Ресми газеттің бүгінгі санында жарияланған шешімге қарағанда Сыртқы істер министрлігі баспасөз хатшысы Танжу Билгич Түркияның Белградтағы өкілетті елшілігіне тағайындалды.

Сонымен қатар бұрын Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметін де атқарған Али Нажи Кору БҰҰ Женева тұрақты өкілеттігіне, Атылай Ерсан Оман елшілігіне,  Дениз Өзмен Панама елшілігіне, Хатиже Аслыгүл Үгдүл Словакия елшілігіне, Мехмет Хасан Гөгүш Португалия өкілетті елшілік міндетіне, Мехмет Ферден Чарыкчы Австрия өкілетті елшілігіне, Мухиттен Ахмет Язал да Моңғолстан өкілетті елшілігіне тағайындалды.

Омандағы өкілетті елші Угур Доған, Словакия өкілетті елшісі Лебибе Гүлхан Улутекин, Португалиядағы елші Эбру Барутчу Гөкденизлер мен Сербиядағы елші Мехмет Кемал Бозай болса орталыққа тағайындалды.



Ұқсас жаңалықтар