Президент американдық іскерлермен бас қосты

Жиналыста Түркияға инвестицияның жалғасатыны айтылды.

575074
Президент американдық іскерлермен бас қосты

Президент Режеп Тайып Ердоған Америка Құрама Штаттарының Нью-Йорк қаласында 30-дан астам компанияның басшысымен кездесті.

Жиналыста Түркияға инвестицияның жалғасатыны айтылды.

Энергия,  химия,  медицина,  қаржы, компьютерлік технология және өндіріс сынды салаларда қызмет беретін компаниялардың басшылары қатысқан жиналыста Түркиядағы инвестиция климаты мен мүмкіндіктер қолға алынды.

Премьер-министрлікке қарасты Инвестиция қолдау және таныстыру агенттігінің ұйымдастыруымен өткен жиналыста президент Ердоған инвестиция саласындағы жаңалықтармен бөлісті.

Ердоған Еуропа Одағы және АҚШ арасында қол қойылатын еркін сауда келісіміне Түркияның да тарап болуының американдық компанияларға пайдалы борлатынын айтты.



Ұқсас жаңалықтар