Калын ЙПГ тақырыбында АҚШ-тықтармен келісім жасала алмағанын атап көрсетті

Президенттік аппараттың баспасөз мәлімдемешісі президент Ердоғанның Қытайдағы кездесулеріне тоқталды.

566490
Калын ЙПГ тақырыбында АҚШ-тықтармен келісім жасала алмағанын атап көрсетті

Президенттік аппараттың баспасөз мәлімдемешісі Ибрахим Калын ПКК террор ұйымының Сириядағы тармағы ЙПГ жайлы АҚШ-пен келісім жасала алмағанын білдірді.

Калын арнайы бір телеарнаның сұрақтарына жауап қайтарды.

ЙПГ тақырыбында АҚШ-тықтармен келісім жасала алмағанын атап көрсеткен Калын «Мүнбичтен барлық ЙПГ күштерінің тазалануы жайлы табандылығымыз жалғасуда. АҚШ ЙПГ-нің Евфраттың шығысына өткенін алға тартады. ЙПГ-нің шегінгенін біздің барлау ақпарат көздерімізде растауға тиісті. ЙПГ күштері Евфраттың батысына өткен жағдайда біз үшін заңды нысанаға айналады» деді.

Калын «ЙПГ және ПЙД ПКК террор ұйымдарының тармағы. Бір террор ұйымының басқа бір террор ұйымымен жоя алмайсыз. Біз Сирияның шекара тұтастығын қорғайтын түрде ДАИШ-пен күресуді жақтаймыз» деді.

Евфрат қалқаны операциясы мен Сириядағы жаңалықтарға да тоқталған мәлімдемеші президент Ердоғанның Үлкен 20 тобы елдері саммитінде Обама және Путинмен Халеб тақырыбында оңаша кездескенін атап айтты.

Калын Халебте атысты тоқтатудың қашан басталатыны жайлы сұраққа «Нақты атысты тоқтату келісімін күтеміз. Айтта қақтығыстардың тоқтауын үміт етеміз» деді.

Евфрат қалқаны операциясының табысты түрде жалғасқанын және ДАИШ мүшелерінің Түркия шекарасынан тазаланғанын атап көрсеткен Калын операцияға Ресей басшысы Путиннің де қолдау бергенін мәлімдеді.

Қытайда өткен Үлкен 20 тобы елдері саммитіне де тоқталған Калын «Террормен күрес және босқын мәселесі алға шыққан тақырыптар болды. Президентіміз және басқа да басшылар бұл тақырыпты жан-жақты қолға алды» деді.

Президент Ердоған жүзеге асырған екі жақты оңаша кездесулер барысында 15 шілде күнгі төңкеріс бастамасы мен FETÖ-ні түсіндіргенін атап айтқан Калын кездесулердің табысты өткенін білдірді.

Калын Еуроодаққа виза жеңілдігінің жылдың соңына қалдырылғаны жайлы бір сұраққа «Виза жеңілдігі тақырыбында жылдың соңы сияқты бір күнтізбе жоқ. Бұл тақырыптың тез арада іске асуы тақырыбында кезеңді жылдамдату жөнінде шешім қабылданды. Визасыз саяхат және қайта қабылдау келісімін бірдей мезгілде іске қосу керек. Франция, Германия және Италиямен президентіміз оңаша кездесті» деді.



Ұқсас жаңалықтар