Йылдырым және Машаль телефонмен сөйлесті

Премьер-министр Бинали Йылдырым және Хамас саяси бюро басшысы Халид Машаль телефонмен әңгімелесті.

549871
Йылдырым және Машаль телефонмен сөйлесті

Төңкеріс әрекетінің артынан қол жеткізілген жеңіске орай Машаль үкімет пен түрік ұлтын құттықтады.

Халид Машаль Газа секторынан бастап бауырлас Палестина халқының да қолдарына алған түрік байрақтарымен алаңдарда қолдау бергенін атап, ынтымақтастық көрсеткендерін білдірді.

Премьер-министр Йылдырым болса Машальға алғысын айтып, бауырлас Палестина халқының қолдауын әсіресе бұл кезеңде терең сезінгендерін атап көрсетті.

Түркияның Газа және Палестинаға қолдауының жалғасатынын атап айтқан Йылдырым Израильмен жасалған келісім аясында жіберілген 11 тонна гуманитарлық жәрдемнің Газаға жеткізілгенін, алдағы уақытта бұл жәрдем жұмыстарының жүйелі түрде жалғасатынын білдірді.

Йылдырым палестиналықтар арасында келіссөз кезеңін де толық қолдағандарын, бұл тақырыпты бүгін кездесетін Палестина Сыртқы істер министрі Рияд Малкимен де қолға алатындарын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар