Стамбул тарихи сәттерге куә болуда

Стамбулдағы «Демократия және шәйіттер митингі» тарихи сәттерге куә болуда.

546926
Стамбул тарихи сәттерге куә болуда

Стамбулдағы «Демократия және шәйіттер митингі» тарихи сәттерге куә болуда.

Таңертең ертеден бастап Йеникапы алаңына келген миллиондаған азаматтың шаттығы президент Режеп Тайып Ердоғанның келуімен шыңына шықты.

Премьер-министр, Әділет және даму партиясының басшысы Бинали Йылдырым,  Республика халық партиясы басшысы Кемал Кылычдароғлу мен Ұлтшыл қозғалыс партиясы басшысы Девлет Бахчелинің алаңда жиналған азаматтарға сәлем беру сәттері ұлттық бірлік сезімін нығайтты.

Шәйіттер үшін бір минут үнсіздіктен кейін Ұлттық ән ұран шырқалды. Артынан Дін істері басқармасы басшысы Мехмет Гөрмез төңкеріс жасау әрекетінде шәйіт болған 239 азамат үшін дұға оқыды.

Митингте бірінші сөз кезегі Ұлтшыл қозғалыс партиясы басшысы Девлет Бахчелиге берілді. «15 шілде күні жаңа тірілудің сүйіншісін бердіңіз» деген Бахчели Түркияның өз тағдырын қорғап қалуын мақтан тұтатынын айтты.

Бахчели 15 шілде күнгі төңкеріс әрекетін жаңа бір басып алу сынағы деп атады. «Залымдар, империализмнің қолшоқпарлары бұл жолы түрік әскерінің киімін киіп келді.  Ғұлама және ұстаз секілді көрінетін бір террорист өлім ұйымына Түркияны атқылау бұйрығын берді» деді ол.


Этикеттер: #стамбул , #митинг

Ұқсас жаңалықтар