Президент митингте сөз сөйлеуде

"Түркияның жауының ісі енді одан да қиын"

547018
Президент митингте сөз сөйлеуде

Президент Режеп Тайып Ердоған «Демократия және шәйіттер митингінде» мінберге «Ұлттық ерік-жігердің мықты даусы» деген анонстармен шықты.

Баяндамасында «15 шілде күні түнде отанын FETÖге бермеген ұлтыма алғыс айтамын» деп бастаған Ердоған «ажалды өлтірген» 240 шәйітті құрметпен еске алды.

«Бұл халық мың жыл бұрын Малазгиртте Анадолының қақпасын қай наныммен ашқан болса, 15 шілде күні де сол наныммен қозғалды» деген Ердоған сол түні Түркияның құлауын күткен жаудың ісінің енді қиындағанын айтты.

«Йеникапы алаңындағы көрініс жауды кемінде 16 шілде күнгідей қорқытты» деген президент «Енді заманауи өркениеттер деңгейінен де асып түсетін  уақыт келді» деді.

Ататүріктің 1920 жылдардағы басқыншылық кезінде түрік ұлтының басқыншылықты қабылдамайтындай ұлы екенін атқанын еске салған Ердоған: «Ардагер Мұстафа Кемалден 96 жылдан кейін Йеникапыда мен де былай деймін: Бұл ұлт тұтқындықты қабылдамайды» деді.

Ердоған опасыз төңкеріс жасау әрекеті кезінде төңкерісшілерге қарсы шыққаны үшін денесі басынан бөлінген бір әйелді көргендерін еске салды. Президент өлім жазасын талап еткен халықтың тілегінің мәжілісте назарға алынатынын, артынан өзінің де бекітетінін атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар