Түркия 5 шәйіт хабарымен оянды

Шабуылдан кейін аймақта ауқымды операция басталды.

539213
Түркия 5 шәйіт хабарымен оянды

Түркия 5 шәйіт хабарымен оянды.

Сииртте бөлшектеуші террор ұйымы PKK-ның террористтері жолға тұзақ құрып,  әскери көлік өтіп бара жатқанда алыстан басқару арқылы жарды.  Жарылыс  нәтижесінде 3 әскер шәйіт болды.

Жарылыстан кейін төңіректегі орманды жерде өрт шықты.  Шабуылды жасаған террористтердің ұсталуы үшін операция басталды.

Хаккариде болса террористтер полиция бақылау пунктына бомбалы көлікпен шабуылдады.  Жойқын жарылыстан кейін террористтер ауыр қарулармен шабуылдады.

Қақтығыста екі полиция қызметкері шәйіт болды.  11 адам жарақат алды.  Олардың бірі бейбіт азамат.

Шабуылдан кейін аймақта ауқымды операция басталды.



Ұқсас жаңалықтар