Әділет министрі Гүленнің АҚШ-тан қашуды жоспарлағанын мәлімдеді

Әділет министрі Бекир Боздағ террор ұйымы басшысы Фетуллах Гүленнің қашуға дайындалғанын мәлімдеді.

538787
Әділет министрі Гүленнің АҚШ-тан қашуды жоспарлағанын мәлімдеді

Әділет министрі Бекир Боздағ Фетуллахшы террор ұйымы Параллелді құрылымының (FETÖ/PDY) басшысы Фетуллах Гүленнің қашатыны жайлы құпия ақпарат бар екенін атап айтты.

Боздағ арнайы бір телеарнада жасаған мәлімдемеде АҚШ-тың төңкеріс бастамасының артынан Гүленді кері қайтармауының Түркиямен ынтымақтастыққа көлеңке түсіретінін білдірді.

Төңкеріс құжаттарымен байланысты дайындықтардың жалғасқанын айтқан Боздағ жүргізілген тергеулер барысында алынған түсініктемелер арқылы дәлелдер жиналғанын білдірді.

4 бөлек құжат папкасын АҚШ-қа жеткізгендерін атап айтқан Боздағ «Құжаттар жеткізілген соң АҚШ-тық лауазымдылар Түркиямен ынтымақтастыққа дайын екендерін білдірді» деді.

Боздағ террор ұйымы басшысы Фетуллах Гүленнің Түркияға кері қайтарылмауы үшін АҚШ-қа жалбарғанын атап, «Бұл оның нағыз жүзін, куәлігін көрсетуі тұрғысынан аса маңызды» деді.

Гүленнің қашу үшін дайындалғанын, өзінше кейбір мемлекеттер белгілегенін атап айтқан Боздағ «Түркияға кері қайтармайтын елдерді қарастырып немесе Түркиямен арасында қылмыстық келісімі болмаған мемлекеттерді таңдап, сол жерде өзіне орын іздейді. Ол ойлаған елдер арасында Мысыр, Мексика, Канада, Австралия, Оңтүстік Африка елдері бар» деді.



Ұқсас жаңалықтар