Түркия еуропалық одақтастарынан ынтымақтастық сұрады

Түркияның Еуроодақ аралас парламенттік комиссиясы төрағасы Ахмет Берат Чонкар әріптестеріне хат жолдады.

537021
Түркия еуропалық одақтастарынан ынтымақтастық сұрады

Түркияның Еуроодақ аралас парламенттік комиссиясы төрағасы Ахмет Берат Чонкар еуропалық әріптестерінен FETÖ басшысы Фетуллах Гүлен қолдаушыларына қарсы күрес үшін қолдау сұрады.

Чонкар еуропалық әріптестеріне жолдаған хатында «Біз одақтарымызды және ортақтарымызды бұл топтың мүмкіндігінше өз жерлеріндегі жұмыстарын тоқтататын қадамдарды басуға шақырамыз» деді.

Чонкар Еуроодақтан қолдау сұрағанда, Түркиядағы тұрақсыздықтың өздеріне де ықпал ететінін атап айтты.

15 шілде күні табыссыз аяқталған төңкеріс бастамасының Фетуллахшы террор ұйымы туғызған қауіпті көрсеткенін атап көрсеткен Ахмет Берат Чонкар ол бастан Түрік қарулы күштерінің көптеген жерінде пәрмендер жүйесі деңгейінің бұл сатқын бастамаға қарсы шыққанын атап көрсетті.

Түркия қабылдаған заңдық шаралар және тергеулер жайлы «шындыққа жатпайтын және қате болжамдармен назарға алулардың қабылданбайтын сындар» екенін алға тартқан Чонкар «Бұл төңкеріс бастамасы жасаушыларға қолдау береді» деді.

Түркияның ДАИШ және ПКК/ПЙД-мен күресінің жалғасқанын атап көрсеткен Чонкар «Түркияның тұрақсыздануы Еуроодаққа мүше елдер мен аймақтың барлығында маңызды нәтижелерге жол ашатындықтан Еуроодақтағы одақтастарымыздың бізге сөз және әрекеттеріндегі қолдауы бізді қуантатын болады» деді.



Ұқсас жаңалықтар