Ердоған және Обама телефонмен әңгімелесті

АҚШ президенті Барак Обама президент Режеп Тайып Ердоғанға телефон шалды.

533088
Ердоған және Обама телефонмен әңгімелесті

Президент Режеп Тайып Ердоған және АҚШ президенті Барак Обама телефонмен әңгімелесті.

Обама төңкеріс бастамасы жайлы тергеумен байланысты әртүрлі ынтымақтастыққа дайын екендерін атап көрсетті.

Президенттік ақпарат көздері Ердоған мен Обама арасында телефон әңгімесінің кешкі уақытта жүзеге асқанын жариялады.

Әңгіме барысында АҚШ президенті Обама президент Ердоғанға төңкеріс бастамасын айыптағандарын атап айтты.

АҚШ президенті Түркияда демократияны жақтағандарын білдірді.

Барак Обама төңкеріс бастамасымен байланысты тергеу барысында әртүрлі ынтымақтастыққа дайын екендерін атап көрсетті.

Президент Ердоған да төңкеріс бастамасын Фетуллахшы террор ұйымының ұйымдастырғанын білдірді.

Президент Режеп Тайып Ердоған Фетуллах Гүленді Түркияға кері қайтару тақырыбын күн тәртіпке әкелді.

Ердоған кері қайтару талабымен байланысты қылмыстық-іс папкаларының АҚШ-қа тапсырылғанын атап айтты.

АҚШ президенті болса Гүленге қатысты дайындалған папка мен дәлелдерді жақын қадағалайтынын білдірді.

Президент Ердоған және АҚШ президенті Обаманың әңгімесінің артынан Ақ үй мәлімдемешісі Фетуллахшы террор ұйымы басшысы Феттуллах Гүленді кері қайтару үшін дайындалған қылмыстық-іс құжаттарының өздеріне ұласқанын мәлімдеді.



Ұқсас жаңалықтар