Израиль және Ресеймен ынтымақтастықты реттеу: Негізгі компоненттер

Ибрахим Калынның соңғы мақаласы.

522944
Израиль және Ресеймен ынтымақтастықты реттеу: Негізгі компоненттер

Израиль және Ресеймен ынтымақтастықты реттеу: Негізгі компоненттер

Бұл апта Түркияның әрі Израильмен, әрі Ресеймен ынтымақтастығын жетілдіретін екі тарихи дипломтиялық бастамаға сахна болды. Уақыт осы екі келісімнің аймаққа болымды ықпал ететінін дәлелдейтін болады.

Түркия осы апта Израиль және Ресеймен ынтымақтастығын реттеу үшін екі маңызды қадам басты. Бұл үлкен жаңалықтың Түркияның сыртқы саясаты, аймақтық бейбітшілік және тұрақтылық үшін маңызды нәтижелерге жол ашатын бастамалары болады. Жаңалықтың ұзақ уақыттан бері жалғасқан Палестина Сирия мәселесіне және ДАИШ пен ПКК терроризміне қарсы күреске де көмектесетін күші жоғары.

Шамалы 6 жылдан бері жалғасқан келіссөз кезеңінің артынан түрік және израильдік лауазымдылар Түркия мен Израиль арасындағы ынтымақтастықты реттеу үшін 2016 жылы 29 маусым күні бір келісім жасады. Түркия тұрғысынан келісім алға тартқан екінші мен үшінші шарттарын орындайды: Мави Мармара кемесіне Израиль жасаған басқын кезінде өлтірілгендердің жанұяларына құн ақы және Газа арқылы эмбаргоны жою. Премьер-министр Беньямин Нетаньяху 2013 жылы АҚШ президенті Барак Обаманың құзырында ашқан телефон әңгімесінде президент Режеп Тайып Ердоғаннан кешірім сұраған болатын.

Реттеу келісімі ауқымды геосаяси салмағы ауыр екі маңызды салада жаңа бір кезең бастайды. Түркия Израиль ынтымақтастығы және Газадағы жағдай мен тараптар өкілетті елшілер жіберу кезеңін бастауда және экономикалық, туризм ынтымақтастығын қайта бастау тақырыптарында келісті. Сондықтан екі жақты ынтымақтастықта жаңа жұмыстарға куә боламыз.

Дегенмен тепе-тең деңгейде маңызды бұл келісім арқылы Түркияға гуманитарлық және азаматтық жәрдем үшін рұқсат берілуі (азық-түлік, медициналық материалдар т.б.) және мұның нәтижесінде Газада басталатын жаңа кезең. Негізінде түрік азаматтары атынан газалықтарға Рамазан айт үшін жіберілген алғашқы жәрдем кемесі Ашдод қарай портына жолға шықты.

Осыған қосымша түрде Израиль тарапы жасалған келісімнің бір бөлшегі ретінде Газадағы тіршілік шарттарын жақсарту мақсатты кепілдік беріп, Түркия мұны үлкен бір мүмкіншілік болып бағалады.

Жұмыстар алдымен газалықтарға күнделікті электр және су көлемін арттырумен басталады. Шектеулі электр мен су Газа секторында денсаулық сақтаудан егіншілікке әр салаға болымсыз ықпал етуде. Қазір су мен электр инфрақұрылымын тексеру үшін техникалық мамандардан құрылған бір топ жұмыстарын қысқа уақыттың ішінде бастайды. Сондай-ақ Түркия жалғасып жатқан жобаларын, Газа ауруханасын және соңғы Газа шабуылдарында үйлері жойылғандар үшін жасағандары көп қабатты тұрғын үйлер сияқты жұмыстарын аяқтайды.

Газалықтар үшін өз күнделікті тіршілікте бұл жаңа Түркия-Израиль келісімінің нақты нәтижесін байқауы үміт етіледі. Түркия мұны жасауға дайын және израильдік лауазымдылар да мұның маңызын көреді.

Саяси тұрғыдан болса Түркия Палестина халқының тәуелсіз мемлекетке ие болу құқы мен соғыстың, қақтығыстың, үлкен қайғылардың жалғыз және ең қиратушы көзі ретінде басқыншылықты жою үшін қолдауын жалғастырады.

Бұл апта екінші үлкен жаңалық болса Ресеймен ынтымақтастықты қайта жетілдіру тақырыбы еді. Бұл жағдай көптер үшін сюриприз болса да, негізінде орыс ұшағының  2015 жылдың қараша айында құлатылуынан бері жалғасқан дағдарысты шешу үшін бірнеше айдан бері жұмыстар жүргізілетін. Ықпалды түрде артқы есік дипломатиясы жүргізілді және президент Ердоған орыс әріптесі Владимир Путинге орыс ұшқыштың өлтірілуі себепті қайғы мен өкінішті тілге тиек еткен бір хт жолдады. Екі басшы да аймақтағы маңызды екі ел арасындағы ынтымақтастықты ретке келтіру үшін батыл қадамдар басты.

Орыс ұшағының құлатылуының артынан Түркия жасампаз және келісуші бір ұстаным ортаға қойды. Қазір болса бұл ұстаным президент Путиннің Түркияға қарсы іске қосқан барлық экономикалық және туризм санкцияларды жойып, ортаға қойған жылдам бастамалармен нәтижесін берді.

Экономикаға қоса, түрік-орыс  ынтымақтастығында ашылған бұл жаңа кезең маңызды бір мәселе ретінде Сирия соғысының келешегі және террормен күрес жайлы болмақ. 29 маусым күні жасалған әңгіме барысында президент Ердоған және Путин екі мәселе жайлы да жұмыстану үшін келісті. Және өздерінің жұмыс топтарына тапсырма берді. Бұл аса маңызды бір жаңалық және атысты тоқтату қамтамасыз етіле алмаған және режимнің саяси келісімді талқылауды қабылдамағандары екі тақырыпта да БҰҰ басшылығындағы Вена мен Женева кезеңдерінің екі маңызды мәселесі болатын. Сирияда уақыт өткен сайын нашарлаған жағдайға септігін тигізетін сияқты.

Түркияның Сирия соғысы және Башар Асадтың келешегі жайлы тұғыры баршаға мәлім. Түркия және Ресей арасында жаңарған талпыныстар Сириядағы жағдайды бақылау стына алу күшіне ие болады.

Стамбұлдағы Халықаралық Ататүрік әуежайына жасалған терактінің Израиль және Ресеймен жасалған бұл келісімдерден тек қана бір күннен кейін жасалуы да кездейсоқ емес. ДАИШ осы екі келісімді де жақтамайды және Түркияны стратегиялық бір нысана ретінде бағалайды. Түркия бұл террорист ұйымға қартығыз шаралар қабылдауға  және бұл бағыттағы талпыныстарын АҚШ және қазір де Ресеймен тіпті Израильмен де ұйымдастыратын болады.

Түркияның Израиль және Ресеймен жүрген ынтымақтастығын реттеу бастамасы дәл уақытында жүзеге асты және екі жақты мүдделер мен құрметтеу ережелері, аймақтық ынтымақтастық, бейбіт және қауіпсіздік принциптеріне сәйкес жасалды.

Таяу Шығыстағы және бүкіл әлемдегі травматикалық жағдай назарға алынғанда, тыныс алуымызға жағдай жасайтын мұндай бір бастама, бір қатар жедел және қысымшыл мәселені қолға алу үшін қажетті болатын.



Ұқсас жаңалықтар