Ішкі істер министрі террор шабуылы жайлы мәлімдеме жасады

Ішкі істер министрі Анкарада шәйіт жанұялары және ардагерлермен ауыз ашты.

521255
Ішкі істер министрі террор шабуылы жайлы мәлімдеме жасады

Ішкі істер министрі Эфкан Ала Стамбұлдағы террор шабуылымен байланысты нақты ақпарат пен дәлелдер болмағанмен, шабуылды ДАИШ жасағаны жөнінде белгілер бар екенін атап көрсетті.

Ішкі істер министрі Анкарада шәйіт жанұялары және ардагерлермен ауыз ашты.

Журналисттердің Стамбұл Ататүрік әуежайына жасалған террор шабуылына қатысты сұрақтарына жауап қайтарған Ала тергеудің аса маңызды, ауқымды және терең жалғасқанын атап «Қолда кейбір дәлелдер мен күдіктілер бар. Олар арасындағы байланыс қазірше толық анықталған жоқ» деді.

Шабуылдың артынан кейбір елдердің ішкі істер министрліктерінің өзіне телефон шалғанын атап, бұл тақырыппен байланысты ынтымақтастық ұсынысы жасағанын, қаза тапқандар үшін көңіл айтқанын білдірді.

Ала «Тергеулер жаңа нәтижелер ортаға қоюы мүмкін. Біз бұл аяда тергеу жұмыстарын жалғастырамыз. Жақында нақты нәтиже алатынымызға сенемін» деді.



Ұқсас жаңалықтар