Түрік қарулы күштері ДАИШ-ке тиесілі нысаналарды жойды

Операцияға коалиция ұшақтары да әуе қолдауы берді.

520670
Түрік қарулы күштері ДАИШ-ке тиесілі нысаналарды жойды

Сирияның солтүстігінде Түркияға шабуылдауға дайындалғаны анықталған ДАИШ-ке тиесілі 15 нысана кеше Түрік қарулы күштері тарапынан гаубицалармен жойылды. Операцияға коалиция ұшақтары да әуе қолдауы берді.

Бас Штаб Басқармасы жасаған мәлімдемеге қарағанда кеше Сирияның солтүстігінде ДАИШ террор ұйымына тиесілі қару бекінісі, Катюша бекінісі және пулемет қарулары орналастырылған 15 нысана анықталды.

Нысаналар Түрік қарулы күштері мен коалиция күштерінің ортақ операциясымен жойылды.

Ирактың солтүстігіндегі Кандил аймағындағы бөлшектеуші террор ұйымы нысаналарына да әуе операциясы жасалды.

Әуе күштері қол басшылығына тиесілі соғыс ұшақтарымен жасалған операцияда террористтерге тиесілі баспана және үңгірлер бар 3 нысана жойылды,

Міндетін табысты түрде орындаған соғыс ұшақтары базаларына оралды.

Басқа жағынан 27 маусым күні Ирактың солтүстігіндегі Кандил аймағына жасалған әуе операциясында 38 террорист өлтірілді, 7 террорист жарақат алды.



Ұқсас жаңалықтар