"Стамбұл мен Лондонның Анкара мен Берлиннің ешбір айырмашылығы жоқ"

Президент Ердоған Ататүрік әуежайындағы террор шабуылымен байланысты мәлімдеме жасады.

520420
"Стамбұл мен Лондонның Анкара мен Берлиннің ешбір айырмашылығы жоқ"

Президент Режеп Тайып Ердоған террор ұйымдары үшін Стамбұл мен Лондонның Анкара мен Берлиннің ешбір айырмашылығы жоқ екенін, бүкіл елдердің террор ұйымдарына қарсы ортақ күрес жүргізу керектігін атап көрсетті.

Ердоған Стамбұл Ататүрік әуежайындағы террор шабуылымен байланысты мәлімдеме жасады.

Шабуылдың террор ұйымдарының жазықсыз адамдарды нысанаға алған қанды жүзін тағы ортаға қойғанын атап айтқан Ердоған «Бұл шабуылдың кезкелген бір нәтиже алу емес, тек қана жазықсыз адамдардың қаны мен қайғысы арқылы әлемге еліміз туралы жағымсыз пропаганда материалы өндіруді нысанаға алғаны ашық» деді.

Ердоған мүбарак ораза айында жасалған бұл шабуылдың террордың нанымдарға қоса, ешбір құндылықты назарға алмай және құрбандарын бөлшектемей қозғалғанына назар аударды.

«Түркия террор ұйымдарымен күресіне нәтижесінің не болатынына қарамастан соңына дейін жалғастыратын күшке және мүмкіншіліктерге ие» деген Ердоған «Бүгін Стамбұлда жарылған бомбалар, террордың қанды мінезінің нәтижесі. Бұл шабуыл әлемнің кезкелген бір қаласында, кезкелген бір әуежайында  да болуы мүмкін еді» деді.

Ердоған «Барша мұны жақсы білсін. Террор ұйымдары үшін Стамбұл мен Лондонның, Анкара мен Берлиннің, Измир мен Чикагоның, Анталия мен Римнің айырмашылығы жоқ. Барлық елдер, бүкіл адамзат ретінде бірігіп террор ұйымына қарсы ортақ күрес жүргізбеген жағдайда, бүгін ойлауға қорыққанымыз ықтималдар бірінен соң бірі жүзеге асады. Ататүрік әуежайы шабуылының батыс елдерінен бастап, бүкіл әлемде террор ұйымдарына қарсы жүргізілген ортақ күрес аясында бір бастама болуын тілеймін» деді.



Ұқсас жаңалықтар