Қатынас министрі Панамаға кетті

Арсланға канал Стамбул жобасын дайындаған мамандар да серік болуда.

518070
Қатынас министрі Панамаға кетті

Қатынас, теңіз және коммуникация министрі Ахмет Арслан Панама каналының кеңейтілуі жобасының беташарына қатысу мақсатымен Панамаға кетті.

Ертең болатын рәсімге президент Ердоғанның атынан қатысатын Арсланға канал Стамбул жобасын дайындаған мамандар да серік болуда.

Арслан рәсімнен кейін жобаны жүзеге асырған ұйымдардың өкілдерінен тұратын жұмыс тобымен кездеседі.

Сапар барысында Түркия мен Панама арасындағы қатынастардың жетілдірілуі және теңіз саласындағы кедергілердің азайтылуына бағытталған «Теңіз келісіміне» қол қойылады.



Ұқсас жаңалықтар