Түркия Сириядағы ДАИШ бекіністерін жойды

Түркияға шабуылға дайындалған ДАИШ-тің 11 нысанасы жойылды.

509240
Түркия Сириядағы ДАИШ бекіністерін жойды

Сириядағы ДАИШ террор ұйымы нысаналары гаубица және коалиция күштеріне тиесілі соғыс ұшақтарымен жойылды. Операцияда 8 ДАИШ мүшесі өлтірілді.

Түрік қарулы күштері ДАИШ-ке тиесілі қару бекіністері, катюша зымырандары және пулемет оқтары қоныстандырылған 11 нысананы гаубицалармен атқылады.

Сондай-ақ коалиция күштеріне тиесілі соғыс ұшақтары да Джакка мен Дувайбик аймақтарына 3 әуе операциясы жасады.

ДАИШ-тің бақылауындағы Гүзел Мезра және Йени Табан аймақтары да оппозицияның бақылауына өтті.

Басқа жағынан Түрік қарулы күштерінің Сиирттің Эрух және Шырнактың Бейтүшшебап ауылдық аймағына жасаған әуе операциясында террористтерге тиесілі 6 нысана жойылды..

Хаккаридің Шемдинли ауданында болса бір әскери база аймағына қарулы шабуыл жасаған 6 террорист өлтірілді.



Ұқсас жаңалықтар