Куртулмуш Еуроодақ жөнінде мәлімдеме жасады

Куртулмуш «Енді жауапкершілікті орындау кезегі Еуропа Одағында» деді.

505361
Куртулмуш Еуроодақ жөнінде мәлімдеме жасады

        Куртулмуш «Енді жауапкершілікті орындау кезегі Еуропа Одағында» деді.

        Премьер-министр орынбасары Нуман Куртулмуш Түркияның Еуропа Одағына қатысу процесі және виза еркіндігі процесімен байланысты «Енді жауапкершілікті орындау кезегі Еуропа Одағында» деді.

        Премьер-министр орынбасары және үкімет мәлімдемешісі Нуман Куртулмуш Чанкая Сарайында кеше премьер-министр Бинали Йылдырым басшылығында өткізілген Министрлер Кеңесі жиналысы жалғасқан кезде тілшілерге мәлімдеме жасады. Куртулмуш сұрақтарға жауап берді.

        Түркияның Еуропа Одағына қатысу процесі және виза еркіндігі процесіне тоқталған Нуман Куртулмуш Еуропа Одағының айқын, ашық-жарқын әрекет еткенін, осындай көп жауапкершілікті орындаған Түркияға қарата берген уәделерін орындауларын үміт еткендерін айтты.

        Еуропа Одағы мен Түркия Республикасы үкіметі арасында жасалған келіссөздердің маңызды бір келіссөз екенін білдірген Куртулмуш «Келіссөздердің ешқандай сөзін, ешбір күн тәртібін Түркия бос ретінде айтпаған. Еуропа тарапынан да айтылған сөздердің, берілген уәделердің бос емес екенін түсінеміз. Сондықтан бір Түркия болып міндетімізді орындадық» деді.



Ұқсас жаңалықтар