Заңсыз босқындар ұсталды

Муғланың Ятаған ауданында 48 заңсыз босқын ұсталды.

499312
Заңсыз босқындар ұсталды

Муғланың Ятаған ауданында 48 заңсыз босқын ұсталды.

Айдын-Ятаған жолында полиция жасақтары бақылау пунктінен бұрын 2 мини автобустың тоқтағанынан күмәнданды, көліктерді тексерді.

Жүргізушілері кетіп қалған көліктерде заңсыз жолдармен Грекияның аралдарына жетуге тырысқан Ауғанстан, Сирия, Пәкістан және Мьянма азаматтары ұсталды.

Заңсыз босқындар медициналық бақылаудан кейін Муғла Шетелдіктер басқармасына жеткізілді.

Сонымен қатар Едирне қаласында заңсыз жолдармен шетелге кетуге тырысқан 31 босқын ұсталды.

Едирне Шетелдіктер басқармасына тапсырылған босқындар Ауғанстан, Пәкістан, Иран және Сирия азаматтары.



Ұқсас жаңалықтар