Эфес-2016 жаттығуы өтуде

4 мамырдан бері жалғасып келе жатқан жаттығу аясында MİLAN зымыранының сынағы да табыспен өтті.

496796
Эфес-2016 жаттығуы өтуде

Түрік Қарулы күштерінің Эгей теңізіндегі Эфес-2016 жаттығуында дәлдігі жоғары танк атқыш зымыран TOW атыстарымен көздің жауын алды.

4 мамырдан бері жалғасып келе жатқан жаттығу аясында MİLAN зымыранының сынағы да табыспен өтті.

Жаттығуға Германия, Америка Құрама Штаттары, Әзірбайжан, Ұлыбритания, Сауд Арабиясы және Франция секілді 12 ел қатысып отыр.

 Жаттығуда Әуе шабуыл қозғалысына байланысты брифинг те берілді. Америка Құрама Штаттары, Польша және Сауд Арабиясы Қарулы күштеріне де оқу семинары өткізілді.

Жаттығу барысында жедел көмек жұмыстары да қарастырылды.  Эфес-2016 әскери жаттығуы 4 маусым күні аяқталады.



Ұқсас жаңалықтар