Әлем басшылары гуманитарлық саммитте баяндама жасады

Басшылар әлемде нашарлап бара жатқан гуманитарлық дағдарысқа назар аударуда.

496186
Әлем басшылары гуманитарлық саммитте баяндама жасады

Украина президенті Петр Порошенко болса саммитте жасаған баяндамасында Украинаның шығысындағы және Қырымдағы гуманитарлық дағдарысқа назар аударды.

Ресейді халықаралық гуманитарлық құқықты таптаумен айыптаған Порошенко «Ресейдің Қырымды заңсыз аннекциясы Қырым халқын қинауда» деді.

Кувейт Әмірі Шейх Сабах эл-Ахмед-эл-Жабир ас-Салам әлемде 60 миллион адамның өте ауыр шарттарда 200 миллион адамның болса, кедейлік көрсеткіштерінен де төмен жағдайда өмір сүргенін атап көрсетті.

Стамбұлда ұйымдастырылған Бүкіләлемдік гуманитарлық саммиттің ашылу рәсімінде баяндама жасаған Сабах «Бұл себепті дағдарыстар мен қақтығыстарды жою керек, жәрдемдерді өте жылдам қозғалып жіберуге тиістіміз. Осылайша апаттардан зардап шеккен адамдардың қажеттіліктерін жылдам қамтамасыз ете аламыз. Сол үшін гуманитарлық жұмыстарымызды жандандыруымыз керек» деді.

Әлем бетпе-бет қалған мәселелерді шешу үшін мұндай бір саммиттің ұйымдастырылуына ризашылығын білдірген Кувейт әмірі «Бұл саммит бұрын-соңды болмағандай бір мүмкіншілік. Осылайша талпыныстарымызды біріктіріп, бұл жолмен алдағы үлкен қиыншылықтарға шешім таба алармыз. Әсіресе БҰҰ келісімімен белгіленген ережелерге сәйкес әртүрлі ұйымдар және агенттіктер арқылы жүріп жатқан жұмыстарды біріктіре алады және бұл ортақ жұмыстар іске асырылады» деді.

Мали елбасы Ибрахим Бубакар Кейта болса климат өзгерісінен азық-түлік қауіпсіздігіне дейін өз еліндегі көп тұсты мәселелерге назар аударып, адам мәселесіне инвестиция салу керектігін және бұл аяда бар қолдауды беретіндерін атап айтты.



Ұқсас жаңалықтар