"Қылмыскер депутат көргіміз келмейді"

Ердоған туған жері Ризеде халыққа үн қатты.

494713
"Қылмыскер депутат көргіміз келмейді"

Президент Режеп Тайып Ердоған түрік ұлтының мәжілісте қылмыскер депутат көргісі келмейтінін айтты.

Ердоған туған жері Ризеде халыққа үн қатты.

Баяндамасында соңғы кезде артқан террористік шабуылдарына тоқталған президент Ердоған: «Елімізге ойналған ойындарды білесіздер, күнде шәйіт хабарлары келуде,  бірақ түрік әскері террористтерге құнын төлетуде және жалғастырады. 79 миллион бір ұлт, бізді бөле алмайды» деді.

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісіндегі қол сұғылмаушылық заңы дауысқа салуға да тоқталған президент түрік ұлтының бөлшектеуші террор ұйымына қолдау берген кісілерді мәжілісте көргісі келмейтінін білдіріп: «Бұлардың құнын неге мәжіліс төлесін?» деді.



Ұқсас жаңалықтар