"Түркияның халқын бөлуге тырысады"

Нуман Куртулмуш террор ұйымдары ДАИШ және PKK-ның қаржы көздерінің бірдей екеніне назар аударды.

491494
"Түркияның халқын бөлуге тырысады"

Вице-премьер Нуман Куртулмуш террор ұйымдары ДАИШ және PKK-ның қаржы көздерінің бірдей екеніне назар аударды.

Нуман Куртулмуш Стамбулда өткен бір жиналысқа қатысты.

Осындағы сөзінде бірлікке тоқталған вице-премьер террор лаңкестіктерін жасайтындардың негізінде Түркияның әскери күшін білетіндерін,  сондықтан халықты бөлуге талпынғанын айтты.

Террор ұйымдары ДАИШ пен PKK-ның сырттан қолдау көріп отырғанын да атап көрсеткен Куртулмуш: «Бұлар қаруларды қайдан алып отыр? Бұларға логистикалық,  экономикалық,  саяси қолдауды кім беріп отыр? Осыларды ойланып көріңіз» деді.

Куртулмуш «Бұл ойын тек ДАИШ және PKK-ның ойыны емес.  Бұл ойын Түркияның ішіндегі түрлілікті бөлуге және осы аймақ халықтарын секта, этнос деп бір-біріне жау қылудың аты» деді.



Ұқсас жаңалықтар