Ердоған армян қоғамына еске алу хаты жолдады

Президент Ердоған 1915 жылғы оқиғаларды еске алған армян қоғамына көңіл айтты.

477105
Ердоған армян қоғамына еске алу хаты жолдады

Президент Режеп Тайып Ердоған Түркия армяндары патриарх өкілі Арам Атешянға армян патриархтығының Құмкапы Мариям ана шіркеуінде ұйымдастырған 1915 жылғы оқиғаларды еске алу ғибадатына орай хат жолдады.

Ғибадат рәсімі алдында Атешян Ердоғанның Бірінші дүниежүзілік соғыстың трагедиялық шарттарында қаза тапқан Османлы армяндарын еске алу үшін бүгін Стамбұлдағы армян патриархтығы шаңырағы астында бас қосқан азаматтарға құрметін жеткізді.

Ердоған рәсімнің Османлы армяндарының қайғыларын бөлісіп, өткенді еске түсіру мақсатты ең ыңғайлы ел ретінде Түркияда тағы бір рет ұйымдастырылуына ризашылық білдірді.

Ердоған «Гуманитарлық қызметтер тыста қалдырылмаған, қуаныш пен қайғыны шынайы түрде бөліскен Анадалы жерінде әр нәрсенің алдында ұждан мен әділет түсінігін келеді. Міне бұл түсінікпен тарихи сана мен адамгершілік көкжиегімізге сәйкес Османлы армяндарының естеліктеріне ие шығуды жалғастырамыз. Түріктер мен армяндар ретінде мың жылға созылған ортақ өмір сүру мәдениетін қайта еске түсіруді жалғастырамыз. Бұл ойлар негізінде мәңгі өмірге аттанған Османлы армяндарын тағы бір рет құрметпен еске аламын» деді.

Президент Ердоғанның жолдамасы армян тілде де жарияланды.



Ұқсас жаңалықтар