Шырнакта 2 әскер шәйіт болды

ПКК-ға бағытталған операциялар кезінде террор ұйымы қолдан жасап, тұзақтаған бомбаларды жарды.

474331
Шырнакта 2 әскер шәйіт болды

Шырнакта бөлшектеуші террор ұйымы ПКК-ға бағытталған операциялар кезінде террор ұйымы қолдан жасап, тұзақтаған бомбаларды жарды. Жарылыста 2 әскер шәйіт болды, 4 әскер мен 2 полиция қызметкері жарақат алды.

Ұйымға қарсы Битлис пен Муш қалалық аймақтарында жүргізілген операцияларда сәуір айының басынан бері 6-сы жаралы, 10 террорист жансыз қолға түсті.

31 наурыз күні басталған операцияларда террор ұйымының аймақтық құрылымына ауыр соққы берілді.

Операцияларда Бингөл, Муш және Битлисте көптеген террор шабуылына жауапты және басына 1 миллион лира сыйақы берілген Эрзурум қаласына жауапты Синан Деврим лақапты террорист Мехмет Хайме тірі қолға түсті.

Тағы басына 1 миллион лира сыйақы берілген Хемгин Кочер лақапты террорист Жемил Атеш өлтіріліп, террор ұйымының Битлис аймағындағы топтары жойылды.

Оперативті ұшқышсыз ұшақтар қолданылған операцияларда 22 баспана мен үңгір жойылды, көптеген оқ-дәрі мен жарылғыш материалы сондай-ақ әскери құрал-саймандар қолға түсті.

Басқа жағынан Хаккари, Мардин, Шырнак және Бингөлдегі операцияларда 12 террорист өлтірілді.

Операциялар барысында өлтірілген жалпы террористтер саны Нусайбинде 275, Шырнакта 219 және Юксековада 196-ға өсті.



Ұқсас жаңалықтар