Давутоғлу Страсбург қаласына сапары алдында баспасөз жиналысы өткізді

Премьер-министр виза жеңілдігі іске қосылмаған жағдайда, Түркияның да уәделерін орындамайтынын білдірді.

473559
Давутоғлу Страсбург қаласына сапары алдында баспасөз жиналысы өткізді

Премьер-министр Ахмет Давутоғлу Еуроодақтың (ЕО) келісімге сәйкес маусым айында виза жеңілдігін іске қоспаған жағдайда, Түркияның да уәделерін орындамайтындарын білдірді.

Давутоғлу Францияның Страсбург қаласына сапары алдында Анкара Эсенбоға әуежайында баспасөз жиналысы өткізді.

Түркия Еуропа кеңесі министрлер комитеті кезекті төрағалық міндетін мойындаған кездерде Сыртқы істер министрі ретінде Жалпы кеңеске көп рет үн қатқанын атап айтқан Давутоғлу бүгінгі баяндамасының арнайы бір мағынасы бар екенін мәлімдеді. Давутоғлу Жалпы кеңесте түрік тілінде үн қатқан тұңғыш премьер-министр болу мақтанышына ие болатынын білдірді.

Давутоғлу Түркияның құрушы мүшелері арасында орын алған маңызды мекемелердің бірі ретінде Еуропа Кеңесінде саяси салмағының артқанын және Еуропадағы тұғырының одан күшейгенін атап көрсетті.

Бір журналисттің «Бір неміс газетінде Еуроодақтың Түркияның виза жеңілдігін қосымша бір баппен шектегісі келгені жөнінде жаңалықтар шықты. Еуроодақ берген кейбір уәделер бар. Егер бұл уәделер орындалмайтын болса, Түркияның ұстанымы не болмақ?» деп қойған сұрағына Давутоғлу «Маусым айында виза жеңілдігінің іске қосылатынына деген сенімім бар. Ал керісінше жағдайда Түркияның уәделерін орындауын ешкім күтпесін» деді.

Басқа бір журналист премьер-министр Давутоғлуна Кремльдің интернет парақшасында жарияланған Обама – Путин бас қосуында Түркия – Сирия шекарасының жабылуының да күн тәртіпке келгені жайлы қауесетті сұрады.

Түркия шекараларымен байланысты нақты шешімді тек қана Түркияның қабылдай алатынын атап айтқан Давутоғлу бұл тақырыпта ешбір мемлекеттің жабық есіктер артында пайым жасауының мағынасы жоқ екенін айтты.

Давутоғлу «Түркия қонақ еткен босқындар назарға алынғанда әлемнің Түркияға тек қана алғыс айту қарызы бар. Есепке тартуға ешкімнің құқық жоқ» деді.

Давутоғлу Килиске құлаған зымырандармен байланысты «Бас Штаб Басқармамыз дәл кезінде барлық шараларды қабылдады. Бұдан кейін де бұл шаралар шекара желісінде ықпалды түрде жалғасатын болады» деді.



Ұқсас жаңалықтар