Бір әскер шәйіт болды

Бас штаб басқармасы шабуылда 39 әскермен қоса 4 азаматтың жарақат алғанын мәлімдеді.

469187
Бір әскер шәйіт болды

Диярбакырдың Хани ауданында террористтер аудандық жандармерия басшылығына бомбалы шабуыл жасап, бір әскер шәйіт болды.

Бас штаб басқармасы шабуылда 39 әскермен қоса 4 азаматтың жарақат алғанын мәлімдеді.

Бомба тиелген көлікпен жасалған шабуылда жарақат алған әскерлер ауруханаға жеткізілді. Аймақта ауқымды операция басталды.

Хаккаридің Юксекова ауданында да қауіпсіздік шеңберінен өтіп, далалық жерге қашуға тырысқан 13 террорист өлтірілді.

Өлген террористтер арасында террор ұйымының Юксековада міндетті мергені де бар. Террористтермен бірге көптеген қару мен жарылғыш табылды.

Осы арада Сириядан Түркияға заңсыз жолдармен кірген бір террорист ұсталды.

Тунджелиде де қауіпсіздік күштерінің операциясында бір террорист өлтірілді.



Ұқсас жаңалықтар