Сириялық босқындар үшін қажетті ақша 19,5 миллиард евро

Премьер-министрлік кеңесшісі Муртаза Йетиш Түркиядағы сириялықтар үшін 2018 жылына дейін 19,5 миллиард евро қажет екенін атап көрсетті.

461264
Сириялық босқындар үшін қажетті ақша 19,5 миллиард евро

Премьер-министрлік кеңесшісі Муртаза Йетиш Түркиядағы сириялықтарға 3 жылға қажетті ​ақшаның шамамен 19,5 миллиард евро екенін атап көрсетті.

Йетиш «Бұл бір жақтан қазіргі жағдайдың қаншама үлкен екенін, бір жақтан әсіресе Еуроодақтың 3 миллиард евролық жәрдем жайлы сөз қозғағанда аталмыш қолдаудың қаншалықты шағын екенін көрсетеді» деді.

Түркиядағы сириялықтар санын 1 ай бұрынғымен салыстырғанда одан да артқанын атап айтқан Йетиш жалғасты бір кезең үшін 2018 жылға дейінгі кезеңді «Бірінші сатылы кезең» деп атағандарын және қажетті анализді дайындағандарын атап көрсетті.

Йетиш ретсіз көшті басқаруда алғашқы сатының есіктерді ашу, екінші сатының жедел гуманитарлық жәрдемдерді қамтамасыз ету және соңғы сатының болса тіл, кәсібі оқу сияқты мүмкіншіліктермен тіршіліктерін жалғастыруды қамтамасыз ету екенін тілге тиек етті.

Түркияның барлық аталмыш сатылардан өткенін айтқан Муртаза Йетиш бұл анализдің 2 апта бұрын Еуроодаққа да жіберілгенін атап көрсетті.

Еуроодақтың 28 елден құрылғанын және дауыс көпшілігі шартының шешім қабылдау кезеңін кешіктіргенін білдірген Муртаза Йетиш сол үшін ретсіз жолмен көш тақырыбында нақты бір ұсыныс ортаға қоя алмағанын айтты.

Йетиш Түркияның болса бір жақтан ретсіз көшті жоятын, бір жақтан да Түркиядағы сириялықтармен байланысты жұмыстарды жылдамдатқан бір ұстаным ортаға қойғанын түсіндірді.



Ұқсас жаңалықтар