«Америка Дін істері орталығы» ашылады

Орталықты президент Режеп Тайып Ердоған 2 сәуір күні ашады.

458335
«Америка Дін істері орталығы» ашылады

Америка Құрама Штаттарының тұңғыш Түрік-Ислам мекемесі болатын «Америка Дін істері орталығы» ашылады.

Орталықты президент Режеп Тайып Ердоған 2 сәуір күні ашады.

Дін істері басқармасы және Түркия Дін істері фонды бірігіп салған Америка дін істері орталығы елдегі мұсылмандарды бір шаңырақ астына жинайтын бірінші Түрік-Ислам орталығы болады.

Орталық президент Режеп Тайып Ердоғанның 29 наурыз-2 сәуір күндері жүзеге асатын АҚШ сапары барысында қызметке ашылады.

Америка Дін істері орталығында «Ислам дінінің дұрыс және актуалды мағлұматтармен қоғамға таныстырылуы, наным, ғибадат және ахлақ негіздеріне орай қоғамға жол көрсету, әділет, бейбітшілік, өзара түсінік негізінде қатынастарды жетілдіру мақсатында» істер атқарылады.

Орталықта мешіт, мәдениет орталықтары, қонақүй және дәстүрлі түрік үйлері болады.

Комплекстің орталық ғимараты болатын мешіт 16-ғасыр Османлы сәулетіне сай салынды.

АҚШ-тағы екі мұнаралы жалғыз мешіт болып табылатын ғибадатханада бір мезгілде 3 мың адам намаз оқи алады.

Мешіттің төменгі жағында Ислам Туындылары мұражайы ашылады.



Ұқсас жаңалықтар